«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қайрат Боранбаев Академияның бапкерлік құрамымен кездесу өткізді
Академия жаңалықтары

Қайрат Боранбаев Академияның бапкерлік құрамымен кездесу өткізді

16 мая 2018
/ 00:00

Лейпциг қаласының халықаралық университетінен білім бағдарламасы біткен соң, Сергей Квочкин атындағы Академияда «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев пен клубтың бапкерлік құрамы кездесу өткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, клуб басшылығының осы саясаты арқасында 2017 жылдың сәуірінде Лейпциг университетінің халықаралық бапкерлік курсы факультетімен және Германия саксон футбол федерациясымен әріптестікке келді.

Айта кетерлік бір жайт, Германиядағы ең ескі университеттердің біріндегі факультет осы бағдарлама аясында 150-ден астам еледн 5000-нан астам түлек шығарған. Бағдарламаның оқытушылары ретінде Спорт ғылымы факультеті мен Халықаралық бапкерлік курс факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ, Германия футбол федерациясының бапкерлері мен сарапшылары шақырылды. Олар ұзақ уақыт бойы «Ред булл Лейпциг» және «Динамо» Дрезден футбол клубтарының жасөспірім және кәсіпқой командаларында жұмыс істеген.

Білім бөлігі аясында Академия бапкерлері шешуші емтихан тапсырды, ол теориялық бөліктен және нақты бір жас тобы үшін жаттығу сабағын өткізуден құралды.

Клуб басшылығы өткен кездесуде өз қызметкерлерінің дамуы маңызды екенін ескертіп, неміс университетінің білім бағдарламасынан өткен үздік бапкерлерді марапаттады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»