«Таразға» қарсы матчтан соң «Қайраттың» футболшылары Blind Football командасымен бірге жаттықты.
«Сары-қаралардың» футболшылары нашар көретіндер
үшін бірнеше жаттығу жұмыстарын көрсетті. «Қайраттың» футболшылары Blind
Football арнайы жаттығуларын жасап, көздерін байлап қорғанып, шабуыл жасап дайындалды.
Осылайша, олар допты көрмей ойнаудың барлық қиындықтарын көрді.
Айта кетейік, «Қайрат» Орта Азияда алғаш болып Blind
Football командасын құрды. Әзірге бұл Орта Азиядағы жалғыз команда.