«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» Барнауылда сенімді жеңіске жетті
Академия жаңалықтары

«Қайрат» Барнауылда сенімді жеңіске жетті

22 августа 2019
/ 11:00

Барнаулда 2007 жылы туылған футболисттерге арналған «Геннадий Смертинді еске алу» халықаралық балалар турнирі жалғасуда. Турнир барысында «Қайрат» академиясының командасы үш сенімді жеңіске жетті.

Геннадий Смертин мемориалы алты команданы жинады. Барнаулдың үш командасы: Алтай, Полимер, Динамо, және де  шақырылған үш команда. «Рассвет» Красноярск, Мәскеудің «Динамосы» және де  біздің тәрбиеленушілер - «Қайрат» U-13.

Біздің команда турнирде үш сенімді жеңіске қол жеткізді. Жора Арутюнянның шәкірттері алғашқы матчта Красноярскінің «Рассвет» командасына 11 жауапсыз гол соқты. 11-0 жеңістен кейін «сары-қаралар» Барнаулдың «Динамосымен» кездесті. Бұл ойында алматылықтар бір-ақ рет гол жіберіп, бес гол соқты. Үшінші ойында «Қайрат» командасы тағы бір рет жеңіске жетті. Бұл жолы біздің тәрбиеленушілердің қарсыластары Барнаулдық «Полимер» командасының ойыншылары болды. Матчтың есебі 6: 0 біздің пайдамызға. Осылайша, «сары-қаралар» тоғыз ұпай жинады.

Ертең Жора Арутюнянның шәкірттері Барнаулдың атынан шыққан Алтай командасымен ойнайды. Сенбі күні «Қайрат» мәскеулік «Динамо» өкілдерімен жекпе-жекке түседі. Ресей астанасының өкілдері де турнирде үш үлкен жеңіске жетті.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»