Турнир Сергей Прокопьевич Квочкин атындағы «Қайрат» ФК Академиясында Senim және Финбет компанияларының қолдауымен өтті.
Матч алдында алматылық клуб ардагері Құралбек Ордабаев сөз алды. Сонымен қатар «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Рифат Нұрмұғамет қатысушы ойыншыларға сәттілік тіледі.
Бірінші орынға Алматы облыстық №1 балалар үйі ие болды. Екінші орынды «Ковчег» балалар үйінің қатысушылары алса, үшінші болып «Солнышко» балалар үйінің өкілдері жайғасты.
Барлық қатысушылар жақсы көңіл-күй, естелік медальдар және «Қайрат» ФК атрибутикасын алды.