Қазақстан Премьер-лигасында ойналған екі айналымның қорытындысы бойынша, алматылық «Қайрат» тағы да ел чемпионатында жанкүйер көп жинайтын команда атанды. Клубтың «өз+сырт алаңдағы» жанкүйерлік көрсеткіші бойынша бірінші орын алдық.
Алматылық команда чемпионатта 22 ойын өткізген, оны стадионнан 144 900 (орта есеппен – 6 586) жанкүйер тамашалады.
«Қайраттың» тек өз алаңындағы матчтарын ғана есептейтін болсақ, оларға 95 900 көрермен келген, ол орта есеппен 8 718 жанкүйерді құрайды.
Дереккөз: Kazfootball.kz