Қырғызстан астанасында U-12 жасөспірім командалар арасында халықаралық турнир өтті, ол Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған.
«Қайрат» тәрбиеленушілерінен бөлек турнирге «Дордой» (Бішкек), А. Момунов атындағы Академия (Ош), ОСДЮШ №5 (Тараз), «Илбирс» (Бішкек), «Абдыш-Ата» (Кант), «Шахтер» (Қарағанды) және «Ордабасы» (Шымкент) секілді командалар қатысты.
«Қайраттықтар» турнирде 5 матч өткізді, олардың бәрінде жеңіске жетіп, 22 гол соқты, ал өз қақпаларына доп жіберген жоқ. Турнир финалында алматылықтар бішкектік «Дордоймен» кездесіп, жеңіске жетті – 2:0. Турнирдің қорытындысы бойынша, үздік сұрмерген атағын «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушісі Руслан Сүлейманов алды, ал Александр Арефьев үздік бапкер атанды, оның көмекшісі Жора Арутюнян болған.
Фото: ҚРФФ