«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» қайтадан «Қайсардан» басым түсті
Қайрат

«Қайрат» қайтадан «Қайсардан» басым түсті

21 сентября 2019
/ 11:00

«Қайсар» – «Қайрат» 0:1

Голдар: Раде Дугалич (56')

«Қайсар»: Марсель Исламкулов (В) - Ильяс Амирсеитов, Александр Марочкин, Иван Граф, Абдель Ламанж - Марк Гурман, Кларенс Битанг, Асхат Тағыберген (К), Андре Букия, Шохан Абзалов - Куле Мбомбо.
Қосалқы құрам: Александр Григоренко (В) - Иван Садовничий, Валентин Чуреев - Думан Нарзилдаев, Самат Балымбетов, Тигран Барсегян, Джон Джошуа - Игорь Зенькович, Оркен Махан;

«Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Дино Миканович, Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат (К), Айбол Абикен, Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский - Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.
Қосалқы құрамВладимир Плотников (В) - Сергей Кейлер, Сергей Политевич - Рамазан Оразов, Небойша Косович, Бауыржан Исламхан - Еркебұлан Сейдахмет;

Ағымдағы чемпионаттың бірінші айналымында «сары-қаралар» «Қайсарға» қарсы ойында маңызды үш ұпайды жоғалтты. Сол кезде Алексей Шпилевскийдің шәкірттері бірінші таймды 0:1 есебімен жүргізіп, бірақ үзілістен кейін екі допты жіберіп алды. Алматылықтардың бас бапкері ойын алдында команданың мамыр айындағы жеңілісі үшін есе қайтаруға деген ықыласы зор екенін айтты.

«Қайраттың» алғашқы құрамы өткен аптадан бері өзгерген жоқ. Алаңға қайтадан «Жетісу» командасына қарсы ойнаған 11 футболшы шықты. Алматылықтардың шабуылының басын тағы да Адеринсол Эсеола - Мартон Эппель жұбы бастады. Матчтың басталуы аса қызықты болмады. Бастапқы ысқырық алдында термометрлер +33-ті белгіледі, бірақ ауа райы әлдеқайда ыстық сезілді. Сонымен қатар синтетикалық газон да шын мағынасында алаңдағы жағдайды қыздырды. Бастапқы он минутта командалар соққылармен алмасты. Қожайындарда соққыны Андре Букия орындады. «Қайраттықтардың» құрамында Марсель Исламкуловтың қақпасына бірінші болып Исламбек Қуат соққы жасады. Доп қақпаның жанынан өтті. Он үшінші минутта біздікілер керемет қарымта шабуыл жасай алды: Конрад Вржещиньский сол қапталмен керемет жылдамдық асырып, Адеринсола Эсеолаға пас берді. Өкіншіке орай, соңғысының соққысын қожайындардың қақпашысы қайтара алды. Алғашқы таймның соңында «қасқырлардың» қорғаушысы өз айып алаңында Мартон Эппельді шалып, бірақ төрешінің ысқырығы үн қатпады. Алматылықтарда үзіліс алдында гол соғатын мүмкіндік болды, бірақ та қожайындарды Исламбек Қуаттың жойқын соққысынан қақпаның маңдайшасы құтқарып қалды.

Үзілістен кейін алаңға Георгий Жуковты алмастырып Бауыржан Исламхан шықты. Капитанның алаңға шығуы «сары-қаралардың» шабуылдарына тың серпіліс берді. Исламхан қапталға ауысып, қарсыластарды орап, серіктестеріне пастар берді. Көп ұзамай Бауыржан гол соғуға тікелей қатысты: оның жоғарлатып соққан айып добы Исламкуловты қобалжытты. Исламкулов шығуда қателесіп, Раде Дугаличке бос қалған қақпаны бағындыруға мүмкіндік берді. Алматылықтар голды біздің голкипер Данил Устименконың өмірден озған анасына арнады.

Келесі белсенділік соғылған голдан кейінгі 10 минутта болды. Дерин Эсеола «қасқырлардың» қақпасын шабуылдап, өз жылдамдығын екі рет көрсетті. Бірінші жағдайда оның соққысы дәл болмай, ал екінші соққының соңғы сәтінде оның соққысын қорғаушы бұғаттады. Матчтың соңына қарай Эсеолада гол соғатын тағы бір мүмкіндік болды. Форвард дәл соққы жасағандай болды, бірақ доп сантиметрде қақпаның жанынан өтті. Қорытынды ысқырық «Қайраттың» кезекті маңызды жеңісін белгіледі.

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»