«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» «Қайсарға» қарсы матчқа дайындықты аяқтады
Қайрат

«Қайрат» «Қайсарға» қарсы матчқа дайындықты аяқтады

20 сентября 2019
/ 11:00

Қайраттықтар жақында ғана қайта жаңартылған Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионның жасанды газонында жаттығу өткізді.

Футболисттер дене шынықтыру бапкері Христос Пападопулостың басшылығымен  жақсылап дене қыздырып, кейін Алексей Шпилевскийдің басшылығымен бірнеше жаттығуларды орындады. Содан кейін «сары-қаралар» шағын топтарға бөлініп, қысқа және орташа пастардың дәлдігін пысықтады. Команда жаттығуды жеңіл екі жақтық ойынмен аяқтады.

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері»:

«Біз ойын алдындағы жаттығудың сюжетін кішкене өзгертіп, ойын жаттығуларын енгіздік. Ойыншыларға бір-бірімен жарысуға мүмкіндік бердік. Соңында шектеулі кеңістікте сегізге сегіз  ойнап, шабуылдардың аяқталуын пысықтадық. Менің жаттығуға көңілім толды. Ертең жақсы көңіл - күймен екі толық таймды өткізу керек. Өткен жолы Қызылордада есе жіберіп алдық, сондықтан да есе қайтару қажет».

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»