«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қайрат Айманов: «Жақсы мүмкіндіктеріміз өте көп болды»
Қайрат

Қайрат Айманов: «Жақсы мүмкіндіктеріміз өте көп болды»

06 мая 2018
/ 00:00

«Жетісу» бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Айманов алматылық «Қайратқа» қарсы матч туралы пікірін айтты.

- Бүгін біз қазақстандық чемпионаттың көшбасшысымен ойнадық. Команда мықты, есімдерінің өзі не тұрады. Олармен бәстесу бізге қиын, оларда өте білікті және атақты футболшылар бар. Ойынға келер болсақ, матчты жаман бастаған жоқпыз, жақсы шабуылдар жасадық. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Міндетті емес екі гол жіберіп алдық, артынша басымдыққа ие болды. Өз мүмкіндіктеріміз болды, бірақ оларды да пайдаланбадық.

Екінші таймда команда өзгеріс жасап, алға ұмтылды да, гол соқты. Таразы басын теңестіруіміз керек еді. Ойында көптеген жақсы мүмкіндіктеріміз болды, бірақ бірнеше ойын бойы жолымыз болмай жүр. Гол соғып, шабуылды түйіндей алмаймыз. Алға ұмтылған кезде, артқы шеп бос қалды – қарымта шабуылдан гол жіберіп алдық. Соған қарамастан, жақсы шабуылдар көп болды, тек гол соқпадық. Жалпы, мықты әрі күшті командаға, көшбасшылардың біріне жол бердік. Сондықтан, салымыз суға кетпей, күресімізді жалғастырамыз.

Фото: «Атырау» ФК

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»