«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қайрат Айманов: «Қайрат» бүгін бізден жақсырақ және мықты болды»
Қайрат

Қайрат Айманов: «Қайрат» бүгін бізден жақсырақ және мықты болды»

15 сентября 2019
/ 11:00

«Жетісудың» жаттықтырушысы Қайрат Айманов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайратқа» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Мен мұндай қиын ойыннан кейін көп сөз айтқым келмейді. Ойынға өте байыпты дайындалдық. Өкінішке орай, бізде допқа иелік ету жағынан қателіктер болды, қарапайым жағдайларда қателіктер жіберілді. Бірінші голға  өзіміз кінәліміз . Екінші гол қапталдан келді, қорғаушы эпизодты аяқтай алмады. Содан кейін шабуылға шығуға тура келді, алға шықтық, өкінішке орай, Қайраттың қарымта  шабуылында тағы бір гол жіберіп алдық. Бірінші таймнан кейін 3-0 - өте үлкен есеп. Екінші таймда ойынды теңестіруге тырыстық, шабуылдар болды, бірақ «Қайрат» бүгін бізден жақсырақ және мықты болды, сондықтан да жеңілдік.

- Камо Ованнисянның болмауы ойынға әсер етті ме?

- Әрине, әсер етті. Мен құрамға осындай ойыншыны алғым келеді, тек тактикалық себептермен біз басқа құрамды шығардық, басқа жігіттер ойнады. Алаңда алты легионер болды, біз жетіншісін шығара алмадық.

- «Қайрат» қай жағынан «Жетісудан» асып түсті?

- Біз ойынды өте мұқият бастадық, қорғаныстан ойнадық, жылдам шабуылдарға дайындалдық, бірақ жүзеге асыра алмадық. Екінші таймда артта үлкен аймақтар болды, біз бірінші таймға қарағанда көп шабуыл жасадық. Бұл барлық сұраққа жауап.


- Дмитрий Огай бұл матчқа қандай бағыт-бағдар берді?

 - «Қайраттың» Қазақстан футболының көшбасшысы екенін бәріңіз жақсы түсінесіздер. Қазіргі уақытта бізге «Қайратпен» ойнау қиын. Олардың құрамы әлдеқайда мықты, легионерлердің де, қазақстандық ойыншылардың да деңгейлері жоғары. Қазірге біз «Қайратпен» тең жағдайда ойнай алмаймыз. Солай бола тұра, қолды көтеріп, мойынсұну керек  деген  бағыт-бағдар болған жоқ. Біз тырыстық, мұқият ойнадық, бірақ сәтсіз аяқталды.

 - «Астана» Манчестерден Талдықорғанға ұшып келгенде, қарсы күрес көрсетесіздер ме?

- Әрине. Біз үйде ойнаймыз, жанкүйерлеріміз келеді, жаман ойнауға құқығымыз жоқ. Біз осы ойынға бар күшімізді саламыз, оған өте мұқият дайындаламыз.

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»