«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді
Қайрат

«Қайрат» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

06 апреля 2019
/ 00:00

«Қайрат» - «Оқжетпес» 4:1

Голдар: Жұмаханов (2'), Эсеола (11'), (27'), Дугалич (44'), (81')

«Қайрат»: Стас Покатилов – Ян Вороговский, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Сергей Кейлер – Исламбек Қуат (к), Дино Миканович, Еркебұлан Тұңғышбаев, Рамазан Оразов, Сұлтанбек Астанов – Адеринсола Эсеола.

Резерв: Владимир Плотников (Қ) – Елдос Ахметов – Айбол Әбікен, Хан Чжон Ву, – Самат Сәрсенов, Мартон Эппель, Вячеслав Швырев.

«Оқжетпес»: Джурахон Бабаханов (Қ) – Родерик Алонсо Миллер Молина, Александр Кислицин, Тимур Рудосельский, – Нұрлан Даиров, Милан Стоянович, Милан Стоянович, Илья Калинин, Санат Жұмаханов, Азат Ерсәлімов – Дарко Зорич, Таңат Нөсербаев (к).

Резерв: Ярослав Багинский (Қ) – Тимур Жақыпов, Нияз Идрисов –  Алтынбек Сапаров, Мирас Төлиев, Евгений Ашихмин, Алмас Арменов, Ұлан Қонысбаев – Жасұлан Молдақараев.

«Оқжетпеске» қарсы ойында «сары-қаралардың» негізгі құрамына жақында ғана жарақатынан айыққан Сергей Политевич пен Исламбек Қуат оралды. «Ақтөбемен» ойында тамаша ойнаған Рамазан Оразов пен Сұлтанбек Астанов тағы да өздерін көрсетуге мүмкін алды. Шабуыл шебіне қатарынан екінші матч Адеринсола Эсеола шықты.

Матч алматылықтар үшін сәтсіз басталды – бірінші минутта-ақ қонақтар қауіпті айып соққысын орындауға мүмкіндік алды. Ян Вороговский Дарко Зоричті итеріп жібергені үшін сары қағаз алды. Санат Жұмаханов айып соққысын орындап, допты Стас Покатилов қақпасының «тоғыздығында» тулатты. Гол әдемі шықты.

Алексей Шпилевский шәкірттерін бұл гол ызаландыра түсті. Олар бар күшімен шабуылға ұмтылып, Джурахон Бабаханов қақпасына бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. «Сары-қаралар» кезекті шабуыл кезінде есепті теңестіре алды: Вороговский қонақтардың иелігіне қарай соққы жасаған, қақпашы құтқарып қалды, бірақ кері серпілген допты Адеринсола Эсеола қақпаға енгізді – 1:1.

Бабаханов қақпасының алдында қауіп азайған жоқ. Қайраттықтар шабуылдарын соққымен аяқтауға тырысты. Қонақтардың қорғаушылары алаң иелерінің әр соққысын өз қақпасына дарытпауға ұмтылды. Екінші гол соғылған сәтті Исламбек Қуат әдемі ойнап, допты қарсыластан тартып алды да, қапталдағы Вороговскийді паспен тапқан. Соңғысы допты айып алаңында күтіп тұрған Эсеолаға жеткізді. Алматылықтардың форвардын қонақтар құлатып тастағанмен, Сұлтанбек Эсеола шабуылды жалғастырып, екі ойыншыдан сытылып өтті де, украиналық шабуылшыға дәл пас берді. Форвард дәл соққы жасап, дубль жасады. Командалар үзіліске 3:1 есебімен кетті. Раде Дугалич бұырштан әуелеген допты қонақтардың қақпасында тулатты.

Екінші таймға дейін ойын тағдыры шешіліп тасталған болатын. «Қайрат» қатарынан төртінші жеңістен айырылып қалмайтыны белгілі еді. Тек алматылықтардың тағы неше гол соға алатыны қызық болды. ҚПЛ турнир кестесінде бірінші орынға шығу үшін алматылықтарға ірі есеппен жеңіс керек еді. Ойынның екінші жартысында шыққан Вячеслав Швырев пен Айбол Әбікен шабуыл шебіне жаңа леп қосты. Рамазан Оразов гол соғатын мүмкіндігін пайдалана алмады, кейін Эсеола да хет-трик жасай алмай қалды.

Ойынның нүктесін Дугалич қойды. Ол баспен дәл соққы жасап, мансабында алғаш рет дубль авторы атанды.

Матч қорытындысы – «Қайраттың» пайдасына 4:1. Алматылықтар чемпионатта көш басына шықты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»