Алматыда «Арыстан» мамандандырылған лицейінің футбол турнирі өтті.
Оған «Қайрат» Академиясының футболшылары да қатысты. Турнирдің басында ашылу салтанатында «Қайрат» футбол клубының ардагерлері Құралбек Ордабаев, Михаил Гурман мен Виктор Катков, сондай-ақ, негізгі команда ойыншылары Елдос Ахметов пен Давид Лория қонақта болды.
Қонақтар турнир қатысушыларына алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
Клуб тәрбиеленушілері жарысты өте сәтті бастады: алғашқы ойынында алматылықтар қарсыласын 20:0 есебімен тас-талқан етті. Турнирде «қайраттықтар» қарсыластарының қақпасына 67 гол соғып, өз иеліктеріне доп өткізбей, рекорд орнатты.