«Қайрат» ФК ардагерлері аты аңызға айналған «сары-қаралардың» ойыншысы Сергей Прокопьевич Квочкинді еске алуға арналған турнирдің чемпионы атанды.
С. П. Квочкин атындағы Академияда өтіп жатқан турнирге қазақстандық футбол ардагерлерінің алты командасы қатысты. «Қайраттың» түстерін алматылық Вахид Масудов, Сергей Волгин, Александр Жуйков, Сергей Пасько, Эльдар Гасанов, Болат Есмағамбетов, Берік Арғымбаев сияқты танымал ардагерлер қорғады.
Топтық кезеңнен өтіп, қайраттықтар жартылай финалда Тараз қаласының өкілдерімен кездесті. Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында «сары-қаралар» – 6:5 есебімен басым түсті. Екінші жартылай финалда Алматы командасы Кордайдың футболшыларын 1:0 есебімен жеңді. Кордайлықтар үшінші орын үшін таласта Таразды 3:6 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Финалда «Қайрат» ардагерлері мен олардың жерлестері Алматы командасы өзара мықтыны анықтады. Қызықты финал тең -2:2 есебімен аяқталды , бірақ «сары – қаралар» пенальти сериясында мықты болды-4:3. Атақты қайраттықтар тағы да өзінің жоғары деңгейін көрсетті. Құттықтаймыз!