«Қайрат» Исаэл соққан голдың арқасында қостанайлық командаға қарсы ойында үш ұпайды олжалады.
«Қайрат» - «Тобыл» - 1:0
Гол: Исаэль, 69
«Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Станислав Лунин, Шелдон Бато, Айбол Әбікен, Сергей Кейлер (60, Вороговский) - Хуан Фелипе, Георгий Жуков (53, Эсеола), Магомед Парагульгов (38, Аршавин), Бауыржан Исламхан (К), Исаэль Барбоза - Мартон Эппель.
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В) - Александр Соколенко - Исламбек Қуат, Иво Иличевич.
«Тобыл»: Вячеслав Котляр (В) - Виктор Дмитренко (70, Мирошниченко), Сұлтан Әбілғазы, Тимур Жакупов, Самат Жарынбетов - Артурас Жулпа (46, Кассай), Аслан Дарабаев, Александр Жуков, Нұрбол Жұмасқалиев - Бауыржан Тұрысбек, Темірлан Әмірғазы (77, Лескано).
Қосалқы құрам: Дмитро Непогодов (В) Марат Быстров - Джаба Канкава, Максим Федин, Таңат Нөсербаев
«Қайрат» бейсенбі күні өткен еурокубок матчынан соң қостанайлық «Тобыл» командасын қабылдаған. Премьер-Лига аясында өткен ойында алаң қожайындары бір доп айырмасымен жеңіске жетті. Қостанай қаласында өткен соңғы ойын алматылық команда үшін сәтсіз өткен. Таңат Нөсербаев соңғы минуттарда «Қайраттың» қақпасына гол соғып кеткен болатын.
Бұл жолы «сары-қаралар» жанкүйерлерінің алдында өткен олқылықтың орнын толтыруға дайын болатын. Сол себепті бұл ойынға тыңғылықты дайындалған.
Кездесудің алғашқы бөлігі алаң қожайындарының басымдылығымен өтті, ал қонақтар болса барынша қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуылдан гол соғуға тырысты. Бірақ бұған қарамастан «Қайрат» бірінші таймда гол соға алмады. Таблодағы есеп 0:0 көрсетіп тұрды.
Екінші таймды екі команда да бәсең бастады. Шабуылға асыққан жоқ. Тек 69-шы минутта «Қайраттың» бразилиялық ойыншысы Исаэл алыстан жойқын соққы жасаған. Доптың ұшу бағытын дұрыс есептей алмаған Котляр допты өткізіп алды.
Ойынның қалған бөлігінде алматылық ұжым басымдылық танытқанымен, аса бір қауіпті сәттер бола қойған жоқ. Осылайша, «Қайрат» өз жанкүйерлерінің алдында бір доп айырмашылығымен жеңіске жетті.