Гол: Адеринсола Эсеола (6', 41'), Роджер Каньяс (34').
« Қайрат»: Стас Покатилов
(қ) – Дино Миканович, Нұралы Әліп, Елдос
Ахметов, Ян Вороговский – Исламбек Қуат,
Георгий Жуков, Небойша Косович, Бауыржан Исламхан (к), Конрад
Вржещиньский – Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (қ) – Ғафуржан
Сүйімбаев, Сергей Кейлер, Чжон Ву Хан, Султанбек Астанов, Еркебұлан
Тұңғышбаев – Вячеслав Швырев, Мартон Эппель,
Самат Сәрсенов.
Ertis: Никита Калмыков (қ) – Сағадат
Тұрсынбай, Руслан Есімов (К), Каспарс Дубра, Рафкат Аслан, Дмитрий Шмидт – Патрик
Хиди, Роджер Каньяс, Ойбек Балтабаев, Жереми Манзорро – Арман Нүсіп.
Резерв: Антон Цирин (қ), Илья Сотник (қ) – Урош
Витас, Бауыржан Тәңірбергенов – Арман Кеңесов, Карлос Фонсека – Момоду Сисей, Милан
Мирославлев.
Соңғы кездері сәтсіздіктерге ұшырап жүрген «Қайрат» «Ertis»-ке қарсы ойынды жоғары қарқынмен бастады. 6-минутта Георгий Жуков Конрад Вржешиньскийге қапталдан өтіп, пас шығарды. Осылайша, Адеринсола Эсеола есеп ашты.
Сары қағаз алып қалған Раде
Дугалич ойынға қатыспауына байланысты алматылықтар қорғаныста да мықты болуға
тырысты. 33-минутта «Ertis» жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс айып добынан
асырылған пасты баспен қақпаға бағыттап есепті теңестірді. Есеп – 1:1. Ал, 40-минутта Адеринсола Эсеола дубль авторы
атанып, ойын тізгінін «Қайратқа» алып берді. Бірінші таймда «Ertis» алматылықтардың
шабуылынан көз ашпады.
Екінші тайм да көбінесе «Қайрат» командасының шабуылымен өтті. Матчтың екінші
бөлігінің ортасынан бастап павлодарлықтар жүйелі ойын көрсете бастады. Алайда,
нәтижелі шабуыл орын алмады. Фуркат Атажановтың ысқырығы естілді. Есеп - 2:1.
Осылайша, алматылық «Қайрат» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді.