«Қайрат» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Алматыға оралды.
Алексей Шпилевскийдің командасы үшінші ОЖЖ тоғызы мен жиырмасыншы ақпан аралығында түркияның Белегінде өткізеді. Үшінші жиында словендік «Копер», мәскеулік «Динамо», украиналық «Днепр-1», сондай-ақ санкт-петербургтік «Зенит» біздің қарсыласымыз болады. Бесінші қарсыласымыз Казаньдық «Рубин» болмақ.