Былтырғы жылы күзде «Қайрат» Қазақстан білім министрлігімен бірге Алматы қаласында «Футбол сабақтары» бағдарламасын алғашқылардың бірі болып таныстырды.
Бүгінгі таңда бұл жоба оңтүстік астананың оқу орындарында табысты түрде жалғасып жатыр. Бұл тәжірибе салауатты өмір салтын насихаттауға және жас ұрпақ арасында футболды танымал етуге мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында «Қайрат» футбол клубының өкілдері Құралбек Ордабаев пен Виктор Катков клуб Академиясының бапкерлік құрамымен бірлесіп Алматы қаласындағы № 198 жалпы білім беру мектебінде болды.
Оқу орнындағы спорттық бағдарлама оқушыларды осы жобамен таныстырумен және теориялық кіріспеден басталды. Артынша жаттықтырушылар штабы кіші және жоғары сынып оқушыларымен бірге практикалық сабақ өткізді, мұнда түрлі жаттығулар жасалды: қозғалыс техникасы, алаңдағы ойыншы мен қақпашының техникасы, үйлестіру қабілеттерін және жоғары сыныптарға арнайы үйлестіруді дамыту.
Бағдарламаның соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Қайрат» футбол клубының өкілдері «Футбол сабақтары» курсы бойынша мектеп басшыларына сертификаттар табыс етті.