Қазақстан Премьер-лигасының футбол клубтары алғашқы турдағы қарсыластарын білді.
Тікелей эфирде өткен жеребе тарту рәсімінде «Қайрат» ФК бас директоры Марат Баймұқанов «сары-қаралардың» алғашқы екі қарсыласын анықтады.
Алғашқы турда алматылық команда өз алаңында «Тараз» клубымен күш сынасады. Екінші турда «Қайрат» Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.
«Қайрат» чемпионаттағы және Қазақстан Республикасы Кубогындағы өз алаңындағы ойындарын «Орталық» стадионда өткізеді.
Аталмыш ойындардың нақты өтетін уақыты жақын уақытта белгілі болады.