«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» аккредиттеуді бастайды!
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» аккредиттеуді бастайды!

05 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы (Алматы, Қазақстан) 2019 жылғы маусымда Қазақстан чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогы аясында өз алаңындағы матчтарға БАҚ/Ақпараттық агенттік өкілдерін аккредиттеуді бастағанын хабарлайды!

Аккредитацияға өтініш фирмалық бланкта, жетекшінің қолымен рәсімделіп, БАҚ / Ақпараттық агенттіктің мөрі қойылуы тиіс және мұнда төмендегідей ақпараттар көрсетілуі қажет:

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің атауы;

- Аккредиттелетін журналистер / телеоператорлар / фототілшілердің толық аты-жөні;

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредиттелетін өкілдерінің электронды мекен-жайы, қызметтік және ұялы телефонының нөмірі;

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің пошталық мекен-жайы;

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің меншік иесінің құқықтық формасы мен атауы.

Аккредитация өтінішінде болуы тиіс:

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредиттелетін өкілінің сандық форматта және ақ фонда түсірілген түрлі-түсті фотосуреті.

- Бұқаралық ақпараттық құралдар ісі бойынша уәкілетті органның БАҚ / Ақпараттық агенттікті тіркегені туралы куәліктің көшірмесі;

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредиттелетін өкілінің қызметтік куәлігі / жұмыс орны анықтамасының көшірмесі.

 

Аккредитацияға өтініш 2019 жылдың 22 ақпанына дейін қабылданады, оны мына электрондық мекен-жайға жіберу қажет:

r.altaibayev@fckairat.kz

Аккредитацияға мынадай үлестер қарастырылған:

- Баспа БАҚ: 1 журналист және 1 фототілші;

- Телевизия: 2 журналист және 1 телеоператор;

- Радио: 2 журналист және 1 дыбыс режиссері;

- Ақпараттық агенттік: 2 журналист және 1 фототілші;

- Веб-сайттар: 2 журналист және 1 фототілші;

БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредиттелген өкілдеріне 2019 жылғы маусымда «Қайрат» ФК-ның ҚР Чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогында өз алаңындағы матчтарға кіруін растайтын куәлік береді, олар «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесінде» қарастырылған құқықтарға ие болады.

БАҚ / Ақпараттық агенттіктің басқа қаладан келген өкілдері «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчының басталуына 20 сағат қалғанға дейін өтініш білдірсе, оларға бір реттік аккредитация беріледі.

БАҚ өкілдері «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтарына Алматы қ. Орталық стадионның 9-шы кіреберіс арқылы кіреді.

«Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтары барысында журналистерге берілетін орын:

«Қайрат» ФК-ның ҚР Чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогында өз алаңындағы матчтары барысында жазба журналистер отыратын аймақ «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесінің» 2-бабы, 2.3-тармағында көрсетілген;

«Қайрат» ФК-ның ҚР Чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогында өз алаңындағы матчтары барысында фототілшілерге арналған аймақ «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесінің» 2-бабы, 2.6- тармағында көрсетілген;

«Қайрат» ФК-ның ҚР Чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогында өз алаңындағы матчтары барысында ресми хабар таратушы саналмайтын телекомпания өкілдерінің жұмыс істеу аймағы «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесінің» 2-бабы, 2.6- тармағында көрсетілген.

«Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесінің» толық тексті төмендегі сілтемеде көрсетілген:

Аккредитациядан бас тарту / аккредитация сипаттамасы:

- БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілінің «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесін» бұзуы;

- БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілінің осы хабарламада көрсетілген аккредитацияға өтінім беру ережесін бұзуы;

- БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілінің қоғамдық тәртіпті бұзуы;

- БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілінің жұмыс берушімен еңбек келісімінің тоқтатылуы;

- БАҚ / Ақпараттық агенттік өз жұмысын тоқтатуы;

- Аккредиттелген БАҚ / Ақпараттық агенттіктің ақпараттық ресурстарында «Қайрат» ФК-ның ҚР Чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогында өз алаңындағы матчтарынан тақырыптық репортаждар, сұқбаттар мен басқа да мақалалар / ақпараттық хабарламалардың болмауы.

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің ақпараттық бағытында спорт тақырыбы болмауы.

- БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілдерінің «Қайрат» ФК кәсіби абыройы мен ар-намысын, іскерлік атақ-беделін бүлдіретін түрлі өтірік ақпараттар, қауесеттер немесе жала жабылған хабарламалар жазуы.

Бұрын акрредиттелген өкілімен еңбек келісімі бұзылған жағдайда БАҚ / Ақпараттық агенттік оның орнына басқа өкілін акрредиттей алады.

Ескерту: Қазақстан Республикасы Чемпионаты, Кубогы мен Суперкубогы матчтарының телетрансляцияларын ресми таратушы саналатын телекомпанияның өкілдерін «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық ережесінің» 2-бабы, 2.2- тармағына сай Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) аккредиттеуден өткізеді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»