«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері еңбекпен жеткен марапаттарын алды
Академия жаңалықтары

«Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері еңбекпен жеткен марапаттарын алды

30 сентября 2019
/ 11:00

«Сары-қаралардың» жеңісімен аяқталған, «Қайрат» - «Ордабасы» матчының үзілісінде жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары марапатталды.

«Қайрат» ФК Академиясында футболдан білім алып жүрген жас футболшылар «Қайрат» - «Ордабасы» матчын ұзақ уақыт есте сақтайды. Тек бас команданың тамаша жеңісі үшін ғана емес. Үзіліс кезінде Клуб Академиясының әр командасы футбол орталықтары мен академиялар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіп алған медальдарын алды. Алты жас санатында біздің ойыншылар алтын алып, бірнеше рет алдын-ала чемпион атанды!

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Икрамұлы Байшақов қатысты, ол 2007 жылы туылған ойыншыларға алтын марапаттарын табыс етті, 2006 жылы туылған ойыншыларды «алтынмен» марапаттаған «Қайраттың» құрметті ардагері Ваит Абдул-Хамидович Талгаев, Марат Бүркітұлы Баймұханов «Қайрат» футбол клубының бас директоры алтын медальдарды 2005 жылы туылған ойыншыларға табыстады, «Қайраттың» аты аңызға айналған қақпашысы Ордабаев Құралбек Досжанұлы 2004 жылы туылған ойыншыларды марапаттады, аты аңызға айналған «сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы Виктор Георгиевич Катков чемпионаттың «алтынын» жеңіп алған 2003 жылы туылған  жүлдегерлерді марапаттады,«Қайрат» футбол клубының Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев 2002 жылы туылған ойыншыларға алтын медальдарын табыстады, сондай-ақ клуб Академиясының жетекшісі Вольфганг Гейгер 2001 жылы туылған ойыншыларды «күміспен» құттықтады. Айта кету керек, марапаттауға біздің клуб басшысының шақыртуы бойынша «Қайраттың» ойыншысы және жаттықтырушысы болған, қазір «Ордабасы» ФК президенті Бахтияр Даниярович Байсейітов қатысты.

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»