Команда Талғарда жиын өткізеді.
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасына «Қайрат» футбол клубынан 14 футболшы шақырту алды: Владимир Бирюков, Әділ Жанайдар, Абдулла Шена, Александр Ни, Владислав Бутырин, Александр Широбоков, Роман Балут, Арсен Азатов, Ален Айманов, Айбар Құсайынов, Александр Бовкун, Арман Алтаев, Лев Кургин және Егор Ткаченко.
Қазақстанның U-17 жасөспірімдер құрамасы 25-29 сәуір арасында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Артынша Грузияда өтетін «УЕФА ДАму кубогы» халықаралық турниріне аттанады.