«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі клуб Академиясы тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен сұхбат топтамасын жалғастыруда. Бүгін біз Дастан Қабдығалимен әңгімелестік. Оның ұлы Досхан Т.С. Сегізбаев атындағы Академияда оқып жатыр, болашақта Юрген Клопппен жұмыс істеуді армандайды.
- Дастан Дүйсенбекұлы, ұлыңыз қай кезден футболмен айналыса бастағанын айтып беріңізші?
- Біздің отбасымызда бес бала бар. Досхан – менің үлкен ұлым. Ол спортпен бес жасынан айналыса бастады. Менің қарауымда ол жалпы физикалық дайындықпен айналысты: тартылу, отырып тұру, жүгіру. Содан кейін Досхан жүзу секциясына жазылып, бассейнге жеті жасынан барды. Жаттықтырушылар оны мақтады,ол жақсы нәтижелерге тез қол жеткізді. Кейінірек ұлым футболға барғысы келді. Өзі осы спорт түріне таңдау жасап, оны жақсы көрді. «Ертіс» мектебінде футболмен айналыса бастады. Бірінші уақытта қосалқы құрамда ойнады, өйткені футболға басқалардан кейін барды. Қосалқы құрамда жарты жыл ойнап, содан кейін оны негізгі құрамға ауыстырды. Осы сәттен бастап Досханның футбол мансабы басталды деп айтуға болады.
- Сіздің ұлыңыз кәсіби футболмен айналысатыны туралы қашан ойлана бастадыңыз?
- 2016 жылы Досхан Алматыда Бағанашыл Кубогында болды. Онда ол командамен бірге алтын медаль жеңіп алды. Финалдық матчта ұлым гол соқты. Бұл өте эмоционалдық сәт болды. Мақтанышымда шек болмады. Менің ойымша, бұл турнир кәсіби футболмен айналысуға белгі болды.
- «Қайрат»Академиясында өзін сынап көруге ұсыныс қалай түсті?
- 2018 жылы «Қайрат»ФК-ның скауты клубта қаралымнан өтуге ұсыныс білдірді. Сол уақытта Досхан «Ертістің» балаларымен бірге дайындық топтары арасында Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Яғни ол өзінің ойынымен скауттардың назарын аударды. Мен «Қайрат» Академиясына баруға ұсыныс алғанымызға қуандым. Осылайша мен ұлыммен Алматыға барлауға келдім десе де болады.
- Барлау сәтті болды ма?
- Біз сол жерге келдік, барлығын көрдік,жас ойыншылардың өмір сүруі үшін жасалған жағдайларға таң қалдық. Клубтың академиясы керемет. Өте жайлы, заманауи стильде безендірілген, көптеген ойын алаңдары, жаттығу залы бар. Бізге барлығы өте қатты ұнады. Экскурсияны Академияның оқу-тәрбие бөлімінің басшысы Нуриддин Ваджитов ұйымдастырғаны есімде. Ол Академиядағы ережелер, тәртіп, қосымша сабақтар, тамақтану туралы айтып берді. Досхан барлық тесттен сәтті өтіп, нормативтерді тапсырып, «Қайрат»Академиясында әрі қарай дамуға ұсыныс алды. Мен бұған өте қуандым. Осы Академияны ашқан адамдарға, онда жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге үлкен рақмет. Бұл қазақстандық жас футболшыларды дамыту үшін ең жақсы орын.
- Сіздің ұлыңыз «Қайратта»білім алып жатқан уақыттан бастап қалай өзгерді?
- Ол өте қатты өсті. Мені бойының ұзындығымен қуып жетті. Мен оның жақсы дамып, мықты болғанына, физикалық және психологиялық жағынан да жақсы дамығандығына ризамын. Мен ұлымның барлығын өзі істей алатындығын көрдім. Мен оны өте қатты жақсы көремін және барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізгенін қалаймын. Ол үшін ол «Қайрат» Академиясына келді. Мен Алматыда балалардың болашағы бар екенін көрдім. Өсуге және дамуға мүмкіндік бар. Тек спорт жағынан ғана емес.
- Балаңыз академияда болған кезде жиі қоңырау шаласыз ба?
- Біз күн сайын қоңырау шаламыз. Әңгімелесіп, барлық мәселелерді талқылаймыз. Мен ұлым үшін еш қобалжымаймын. Академияда жақсы адамдар жұмыс істейтінін білемін. Мен ол жерде ұлыма қамқор болатын адамдардың барын екенін білемін. Барлық тәрбиешілерге, медицина қызметкерлеріне, Академияның барлық қызметкерлеріне тағы да рақмет айтқым келеді, олар жас ойыншылардың дамуына өз үлестерін қосуда. «Қайрат» Академиясы біздің футболымыздың болашағы үшін жұмыс істеуде.
- Досханның ең үлкен арманы қандай?
- Басты арманы –кәсіби футболшы болу. Ол жоғары деңгейде өнер көрсеткісі келеді. Тағы бір үлкен арманы бар – Юрген Клопп басшылығымен жаттыққысы келеді. Маған да осы бапкер ұнайды, оның өз ісін жақсы меңгергендігі және де жақсы көретіні сезіледі. Ол барлық шыңдарды бағындырады деп үміттенемін. Бала кезімде футболмен айналыстым, футболшы болуды армандадым. Ұлымның арманын жүзеге асыруға мүмкіндігі болғанына қуаныштымын.