«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайратқа» жаңа қақпашылар бапкері келді
Қайрат

«Қайратқа» жаңа қақпашылар бапкері келді

16 января 2019
/ 00:00

Австриялық Саша Март «Қайрат» футбол клубындағы қақпашылардың дайындығына жауап береді. Маманмен еңбек келісімі үш жылға жасалған. Март 1992 жылы 24 шілдеде (26 жаста) туған. 2014 жылдан бері австриялық Бундеслигада ойнайтын «Адмира Веккер Медлинг» клубында жұмыс істеді.

Ал 2015 жылы «Ред Булл Зальцбург» ФК-ға ауысты. Клуб академиясының қақпашыларын дамытумен айналысып, кейін екінші құрам бапкерлерін дайындады. 2018 жылдан бері «Ред Булл Зальцбургтегі» барлық қақпашымен жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, Март «Вольфсбург», «Айнтрахт», «Валенсия», «Ганновер-96», «Лейпциг» және «Саутгемптон» клубтарында оқудан өткен.

Енді Саша «Қайрат» ФК қақпашыларын жаттықтырады.

Қош келдің, Саша!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»