«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ағымдағы маусымда ең ірі жеңіске жетті!
Қайрат

«Қайрат» ағымдағы маусымда ең ірі жеңіске жетті!

05 октября 2019
/ 11:00

«Қайрат» – «Ақтөбе» 6:0

Голдар: Конрад Вржещиньский (4'), Мартон Эппель (6', 69'), Ғафуржан Сүйімбаев (54'), Адеринсола Эсеола (58') Бауыржан Исламхан (60').

«Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Дино Миканович, Сергей Политевич, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев - Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Конрад Вржещинский - Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қазақстан) - Сергей Кейлер, Елдос Ахметов Еркебұлан Тұңғышбаев, Рамазан Оразов, Небойша Косович, Еркебулан Сейдахмет - Вячеслав Швырев.

«Ақтөбе»: Рамиль Нұрмұхаметов (В) - Виталий Волков, Рустам Темірхан, Есен Жасанов, Бағдат Қайыров - Александр Кицак, Асланбек Кәкімов, Ардақ Сәулет, Әділхан Таңжарықов, Әлішер Әжімов - Маркос Пиззелли (К).

Қосалқы құрам: Мұхамбет Тамабай (В) - Рустам Сахибов, Рустам Уксумбаев - Антон Шурыгин, Максим Самородов, Жамбыл Көкеев.

 Ағымдағы маусымда «сары-қаралар» «Ақтөбені» екі рет жеңіп, екі матчта алты гол соқты. Әрине, «Қайраттың» жанкүйерлері қатарынан үшінші жеңісті көргісі келді. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері ойынды өте мықты басталды: ойынның алтыншы минутына қарай таблода 2:0 сандары жанды. Алдымен «сары-қаралардың» жанкүйерлерін реактивті Конрад Вржещиньский қуантты, ол оң қапталдан жылдамдықты арттырып, қақпаның маңдайшасының астына тигізіп гол соқты! Екі минут өткен соң чемпионаттағы он бесінші голын Мартон Эппель соқты. Венгр Ғафуржан Сүйімбаевтың берген добын пайдаланып, Рамиль Нурмухаметовтың алыстағы «тоғыздығын» бағындырды.

Таймның ортасындағы бұрыштық жалаушадан берілген пас Мартон Эппельдің «екінші қабаттан» соғылған керемет соққысына әкелді. Қонақтардың қақпашысы қақпаны құтқарып, допты кезекті бұрыштамаға ауыстырды. 27-ші минутта Айбол Әбікен голға өте жақын болды. «Сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы допқа иелік етіп, айып алаңының сыртынан соққы бағыттады. Өкінішке орай, соғылған доп қонақтар қақпасының маңдайшасына тиді. Бірінші таймның соңына үш минут қалғанда Рамиль Нұрмұхаметов өз қақпасын тағы да сақтап қалды. Осының арқасында командалар үзіліске 2:0 есебімен кетті.

Үзілістен кейін алаң иелері «Орталық» алаңда басымдықты жалғастырды. 54-ші минутта Ғафуржан Сүйімбаев қақпаның төменгі бұрышына өткір соққы жасап, ірі есепке жеткізді. Одан кейін «Қайраттың» үздік снайпері Адеринсол Эсеола офсайдтан құтылып, допты торға қарай түзеп жіберіп, турнирдегі өзінің 18-ші голын соқты! Бір минут өткеннен кейін Георгий Жуковтың қонақтардың айып алаңында шабуылға қосылуы фолға әкелді. Төреші бірден «нүктені» көрсетті. Он бір метірлікті Бауыржан Исламхан дәл орындады. Есеп -5: 0 болды . Ойынның нүктесін Мартон Эппель қойды. Керемет формадағы форвард қайтадан Вржещиньскийден пас алып, допты жақын бұрышқа соқты. Осылайша, Мартон чемпионаттың бомбардирлік жарысында таза екінші орынға шықты.

Асхат Абданбаевтың финалдық ысқырығы биылғы маусымдағы алматылықтардың ең ірі жеңісін тіркеді! «Сары-қаралар» турнир кестесінде көш бастап келеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»