«Ақтөбе» – «Қайрат» - 1:3
Голдар: Вржещиньский (12'), Миканович (35'), Эсеола (45+3'), Шурыгин (72')
«Ақтөбе»: Игорь Трофимец (Қ) – Хрвое Милишевич,
Милан Радин, Асланбек Кәкімов – Саят Жұмағали,
Виталий Волков (к), Жамбыл Көкеев, Әділхан
Таңжарықов, Бағдат
Қайыров, Саша Марьянович –
Абат Айымбетов.
Резерв: Мұхамбет Тамабай (Қ), Антон Шурыгин, Ардак
Саулет, Рустем Темірхан, Рустам Уксумбаев, Нұрболат
Батырханов, Әлішер Әжімов.
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) –
Ян Вороговский, Раде Дугалич (к), Нұралы Әліп,
Сергей Кейлер – Конрад Вржещиньский, Дино Миканович, Рамазан Оразов, Георгий
Жуков, Сұлтанбек Астанов – Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (Қ) – Елдос
Ахметов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Рифат
Нурмугамет, Хан Чжон Ву – Самат Сәрсенов, Мартон Эппель,
Вячеслав Швырев.
«Сары-қаралар» маусымда алғашқы сырт алаңдағы матчын Қостанайда өткізді. «Тобыл Аренада» алматылықтарды «Ақтөбе» қабылдады, себебі бұл клубтың өз стадионы чемпионат матчтарын қабылдауға дайын емес. Алматылықтар матчты қапталдағы шабуылдарымен бастады. Сол қанаттағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып дебютант Сұлтанбек Астанов өнер көрсетті. Ал екінші қапталда Конрад Вржешиньский ойнады. Екі хавбек те жиі жазасын өтеп, алаңға оралған Адеринсола Эсеоланы доппен қамтамасыз етуге тырысты. 12-минутта қайраттықтар әдемі шабуылдап, есепті ашты. Рамазан Оразов алаң ортасында допқа бірінші жетіп, оны Вржешиньскийге қалдырды. Конрадтың соққысын «Ақтөбе» қақпашысы қайтара алмады. Польшалық футболшы, осылайша, ҚПЛ-дағы алғашқы голын соқты.
Жылдам гол Алексей Шпилевский шәкірттеріне оң әсерін тигізді. Игорь Трофимец иелігін торуылдаумен болды. Трофимецтің қақпасына екінші голды Дино Миканович соқты, бұл да оның Қазақстан чемпионаттағы алғашқы голы болатын. Негізгі командада дебютін өткізіп жатқан Сұлтанбек Астанов «Ақтөбенің» айып алаңына кіріп, екі ойыншыдан сытылып өтті де, хорватқа допты қалдыра салды. Соңғысы дәл соққы бағыттады.
Командалар үзіліске 0:3 есебімен кетті. Адеринсола Эсеола шабуылдағы белсенділігін голға айналдырды. Бірінші таймға қосылған уақытта ол алыстан әдемі соққы жасап, номиналды алаң иелеріне үшінші голды салды.
Үзілістен кейін ақтөбелік ойыншылар Стас Покатилов қақпасына гол соғуға тырысты, алайда «сары-қаралар» ойынды қарсыластың жарты алаңына ығыстырып тастады. Эсеола дубль жасауға жақын болды. Кейін Ян Вороговский бағыттаған доп маңдайшаға тиді. Екінші таймның ортасында Антон Шурыгин баспен соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты. Кейін Александр Седнев шәкірттері тағы бірнеше шабуыл ұйымдастыра алды, бірақ барлық сәтте де қорғаныс сыр берген жоқ. Соңғы минуттарда қайраттықтарда есепті ұлғайтатын мүмкіндік болды. Бірақ Эсеола мен Еркебұлан Тұңғышбаев оларды пайдалана алмады.
3:1 – «Қайраттың» сырт алаңдағы алғашқы жеңісі.