«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді
Қайрат

«Қайрат» «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді

31 мая 2019
/ 00:00

«Қайрат» – «Ақтөбе» 3:0

Гол: Адеринсола Эсеола (59', 73'), Мартон Эппель (89'),

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) - Дино Миканович, Елдос Ахметов, Раде Дугалич, Ян Вороговский - Исламбек Қуат, Небойша Косович, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (к), Конрад Вржещиньский - Адеринсола Эсеола.

Резерв: Владимир Плотников (қ), Данил Устименко (қ) - Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Александр Соколенко - Айбол Әбікен, Еркебұлан Тұңғышбаев, Чжон Ву Хан - Вячеслав Швырев, Мартон Эппель.

«Ақтөбе»: ​​Игорь Трофимец (қ) - Әділхан Таңжарықов, Виталий Волков (к), Саят Жұмағали, Антон Шурыгин, Бағдат Каиров - Милан Радин, Саша Марьянович, Асланбек Кәкімов, Жамбыл Көкеев - Абат Айымбетов.

Резерв: Рамиль Нұрмұхаметов (қ) - Рустам Темірхан - Ардақ Сәулет, Рустам Сахибов, Есен Жасанов, Әлішер Әжімов.

Премьер-лиганың 13-туры аясында алматылықтар «Ақтөбеге» қарсы ойын өткізді. «Сары-қаралар» жалғасып келе жатқан жеңіліссіз сериясын жалғастырмақ ниетте барын салып бақты. Бір апта бұрынғы сызба бойынша Бауыржан Исламхан екінші форвард ретінде Адеринсола Эсеоламен жұптасып, ойын көрсетті. Оларға  Небойша Косович, Георгий Жуков және Исламбек Қуат, қапталдан Дино Миканович пен Конрад Вржещиньский көмектесті.

Ойынның алғашқы 15-минутында алматылықтар қарсыластарының әлсіз жерін анықтап бақты. Қаптал ойыншылары Вржещиньский мен Миканович бұрыштамадан допты ақтөбеліктерге әдемі әкелгенімен, қарсы жақ қорғаушылары қорғаныста мықты болды. Қонақтар сапынан Игорь Трофимец 33-минутта  үш рет өз қақпасын алматылықтардың соққысынан құтқарып қалып, матчтың маңызды ойыншысы атанды. 5 секунд ішінде Небойша Косович, Дерин Эсеола және Дино Микановичтің жойқын соққысын қаға білген голкипер алматылықтар үшін алынбас қамал саналды. Үзіліске екі команда 0:0 есебімен тең тарқады.

Екінші таймда «сары-қаралар» допқа иелік етуді өз қолдарына алды. Исламбек Қуат гол соғуға мүмкіндік алып еді, алайда Трофимецтің қақпасы алына қоймады. Ақтөбелік голкиперге үздік снайпер Адеринсола Эсеоланың ғана күші жете алды. Форвард 59-минутта Дино Микановичтің әдемі пасын дұрыс ұйымдастыра алды.. Осылайша, Эсеола турнирдегі тоғызыншы голын тоғытты. Миканович-Эсеола байланысы үшінші рет іске асып отыр!Аталмыш гол «Қайратты» одан сайын қайрай түсті. «Ақтөбе» қақпасына қарай қауіпті сәттер молайды. 73-минутта «Қайраттың» 11-нөмірлі ойыншысы Саят Жұмағалидыды алдап өтіп, Трофимец қақпасын дәл көздеді. Бұл – Эсеоланың чемпионаттағы 10-голы.

Матч нүктесін Мартон Эппель қойды. Мартон Бауыржан Исламханға допты асырып, ол болса Исламбек Қуатқа қарай жіберді. Қуат өз кезегінде Эппельге допты бағыттады. Форвард мүлт кетпеді. «Қайрат» Қазақстан чемпионаты аясында ақтөбеліктерге қарсы 100-голына қол жеткізді

Георгий Чеховскийдің ысқырығы естіліп, «Қайрат» ақтөбелік ойыншыларды ірі есеппе жеңді -3:0.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»