Бүгінгі «Ақтөбеге» қарсы матчта қызылордалық Данияр Сахи төрелік етеді. Бұл арбитр төрелік еткен алматылықтардың қатысуымен өткен соңғы матч былтырғы жылы тамызда қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен болатын. Сол кезде алматылықтар «кеншілерден» басым түскен – 3:1.
Оған алаң жиегінде атыраулық Самат Шәріпов пен шымкенттік Евгений Филипчук көмектеседі. Матчтың қосалқы төрешісі – алматылық Александр Алиев. Кездесу инспекторы болып қарағандылық Николай Бублинский тағайындалды.