«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» 0:1 «Ертіс»
Қайрат

«Қайрат» 0:1 «Ертіс»

27 октября 2018
/ 00:00

«Қайрат» «Ертіске» минималды есеппен жол берді.

«Қайрат» 0:1 «Ертіс» 

Голдар: 2, Фонсека

«Қайрат»: Давид Лория (Қ) - Александр Соколенко (46, Аршавин), Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат, Магомед Парагульгов (77, Әбікен), Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Ян Вороговский - Самат Сәрсенов (51, Эппель).

Резерв: Владимир Плотников (Қ), Стас Покатилов (Қ) - Сергей Кейлер, Сергей Политевич - Максим Котов, Рамазан Оразов, Андрей Аршавин - Марлен Айманов.

«Ертіс»: Никита Калмыков (Қ) - Дмитрий Шмидт (66, Калинин), Рафкат Аслан, Александр Кислицын, Милош Стаменкович, Руслан Есімов​ - Адриан Гомес, Родриго Антонио, Карлос Фонсека (К), Джон Чибуике (60, Попадюк) - Абель Камара.

Резерв: Джурахон Бабаханов (Қ) - Кирилл Шестаков, Павел Шабалин, Артем Попов, Пиралы Алиев - Арман Смаилов.

«Ертістің» футболшылары ойынның алғашқы минуттарында алға шықты. Карлос Фонсека «Қайраттың» айып алаңына еніп, жақын бұрышқа дәл соққы жасаған, доп қақпаға еніп кетті – 0:1.

«Қайрат» бірден таразы басын теңестіріп тастауға тырысты. Ғафуржан Сүйімбаев өзінің классикалық стилінде алыстан соққы жасады, бірақ Калмыков өз командасын құтқарып қалды.

Таймның аяғында Исламхан асырған допты Калмыков кері қайтарған, доп Магомед Парагульковтың аяғына түсті. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы соққы бағыттаған, бірақ биік кетті.

Екінші тайм алма кезек шабуылдармен өтті. Рафкат Аслан айып соққысын орындады, Давид Лория допты алып шықты.

Кездесудің аяғында Андрей АРшавин қызыл қағаз алып, ойынды ерте аяқтады. Артынша «Қайрат» он ойыншымен қалып, есепті теңестіруге деген мүмкіндігін азайтты.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»