«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Айналымды аяқтадық
Қайрат

Айналымды аяқтадық

12 августа 2018
/ 00:00

«Қайрат» Премьер-лиганың екінші айналымындағы соңғы матчта «Қызыл-Жарды» жеңді.

«Қызыл-Жар СК» - «Қайрат» - 1:3

ГолдарГригалашвили (пен), 18 – Эсеола, 15, Эппель, 63, Исаэль, 90+4

«Қызыл-Жар СК»: Антон Цирин (Қ) - Ильдар Аитов, Карам Султанов, Урош Делич, Георгий Попхадзе (85, Стеценко), Андрей Шабаев (Алтаев, 60) - Максим Драченко, Шота Григалашвили, Фредди Коронель (Лечич, 64) - Тимур Мульдинов (К), Момоду Сисей.

Резерв: Тимурбек Зәкіров (Қ) - Әли Әлиев, Сергей Скорых, Виктор Гунченко, Аслан Жанұзақов - Максим Скорых.

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Александр Соколенко, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат (Жуков, 57), Хуан Фелипе (Аршавин, 57), Акош Элек, Бауыржан Исламхан (К) - Мартон Эппель, Адеринсола Эсеола (87, Исаэль).

Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Айбол Әбікен, Станислав Лунин, Нұралы Әліп -  Иво Иличевич.

Петропавл алматылық команданы үлкен жігермен қарсы алды. Матчтың алғашқы минуттары «Қайраттың» басымдығымен өтті, 15-минутта команда шабуылшысы Эсеола алаң иелерінің қақпасына гол соқты. Екі минуттан соң экс-қайраттық Момоду Сисей қонақтардың айып алаңында құлап қалған – «Қайраттың» қақпасына пенальти белгіленді. Грузиялық Григалашвили нүктеден мүлт  кетпеді.

Қонақтар допқа иелік етуін жалғастыра берді, ал «Қызыл-Жар» өз бағын қарымта шабуылдардан іздеді. Командалар үзіліске тең есеппен кетті – 1:1.

Матчтың екінші жартысында ештеңе өзгермеді: «сары-қаралар» Цириннің қақпасын торуылдаумен болды. Алматылықтардың ұмтылысы 63-минутта жемісін берді: ойынға тыңнан қосылған Андрей Аршавин сол қанаттан әдемі пас асырып, допты Эппельге жеткізді – 1:2.

Артынша доп «Қайраттың» иелігінде бола берді, алматылық ойыншылар матч нүктесін қойды. Кездесу соңында қарсылас қақпасына үшінші голды Исаэль Барбоза соқты

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»