«Қайрат» футбол командасының жас ойыншысы Айбол Әбікен клубтың баспасөз қызметіне қостанайлық «Тобылға» қарсы ойын туралы пікірін айтты.
- Ойын ауыр өтті. Қарсыласымыз қорғаныста ойнады, сол себепті қауіпті сәттер жасау қиынға соқты. Бірақ ең бастысы, гол соғып, жеңіс тойын тойладық!
Қостанайдағы жеңілістен соң біздің команда алаңға тек жеңіс үшін шыққан болатын. Енді АЗ командасына қарсы қарымта ойын алдында жақсы демалып, бабымызға келіп алуымыз керек. Нидерландыда бізді ауыр ойын күтіп тұр.