«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Келісім үш маусымға есептелген.
2015 жылы Әбікен «Қайраттың» қосалқы құрамында өнер көрсете бастады. Әр маусым сайын жартылай қорғаушы керемет алыстан соққы жасап, шеберлігін арттырды. 2017 жылы Әбікен «Астанаға» қарсы матчта ауысуға шығып, өте маңызды гол соғып, «Қайрат» сырт алаңдағы матчта жеңісіке қол жеткізді. Одан кейін хавбек негізгі құрамның ойындарына үнемі қатысып, бірте-бірте алаң орталығының алмастырылмайтын ойыншысына айналды.
Жаңа келісімге қол қою рәсімі Айбол футболист ретінде өсіп, дамыған клуб Академиясында өтті. Естеріңізге сала кетейік, Әбікеннің клуб жүйесінде жүргеніне он жылдан астам уақыт болды.
Аяқталған Қазақстан чемпионатында Айбол «сары-қаралар» үшін 28 ойын өткізіп, төрт доп соқты және де екі нәтижелі пас берді. Әсіресе, оның «Астана» қақпасына соққан голын атап өткен жөн. Ол елордалық команданың қақпасына тағы да 71-ші минутта, сырт алаңдағы матчта гол соқты.
Біз Айболды келісімшарттың ұзартылуымен құттықтаймыз және командамен бірге жаңа жеңістер тілейміз!