«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен «Ертіске» қарсы ойын нәтижесі жайында айтып, Қазақстан кубогының финалына дайындық туралы баяндады:
- «Ертіске» қарсы кездесу біз күткендей болған жоқ. Алдыңғы шепте қауіп төндіре алмадық, бірақ біз үшін қазіргі таңда ең басты мақсат Қазақстан кубогының финалына дайындалу болып саналады.
Соңғы ойындарда біз тек қазақстандық құраммен ғана ойнадық, алдағы матчта біз осы жүлдені жеңіп алуға лайықты екенімізді дәлелдегіміз келеді. Матчтан матчқа дайындала береміз, қалған ойындарда жақсы ойнауға тырысамыз.