«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Айбол Әбікен: «Бүгінгі жеңіліске қапалымыз»
Қайрат

Айбол Әбікен: «Бүгінгі жеңіліске қапалымыз»

06 мая 2019
/ 00:00

- Қазір не сезініп тұрғанымызды жеткізудің өзі қиын. Бүгінгі жеңіліске қапалымыз. Бір ұпай алу түгілі, үш ұпай ұтылдық! Біз ойынды бақылай отырып, қауіпті сәттер де жасай алдық.Сол сәттерді дұрыс ұйымдастыра алмадық. Бүгін жай ғана сәттілік бізден теріс айналды. Жанкүйерлеріміз бізді жеңілісімізге қарамастан қолдауын жалғастырады, бізбен бірге соңына дейін бірге болады деген үміттемін. Оларды қазіргі таңда қуанту мүмкін болмай тұр, алайда алдағы уақытта барымызды салатын боламыз.

- Үзілістен кейінгі алмасулар туралы айтып берсең...

 - Мен Нұралы Әліптің орнына ауыстым, Дерин Эсеола қапталға кетсе, Георгий Жуков менің орталықтағы орныма ығысты. Мартон Эппель алаң шетінде ойнады.

- Алда «Тобылға» қарсы кубоктык матч күтіп тұр. Жақсы нәтиже болады деп ойлайсыз ба?

- Иә. Біз бүгінгі ойында соға алмадық. Ел Кубогындағы ойынымыздың жалғаса беруін тілейміз. Бәрі де өткен жылдың сәттілігін қайталағымыз келеді. Жартылай финалда қостанайлықтарды ұтамыз деп ойлаймын. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»