«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Айбол Абикен: «Павлодарда менің үнемі жолым болғыш»
Қайрат

Айбол Абикен: «Павлодарда менің үнемі жолым болғыш»

05 августа 2019
/ 11:00

«Сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы, «Ертіс» командасының қақпасына салынған екінші голдың авторы Айбол Абикен маңызды жеңістен  алған эмоцияларымен бөлісті.

- Айбол, жарқын жеңіспен және де голмен құттықтаймын!  

- Көп рахмет! Мен тағыда Павлодарда гол соққаныма қуаныштымын.  Жергілікті стадионда менің үнемі жолым болғыш. Мен осында «Астанаға» гол соғып біз 0:2 есебімен жеңдік. Енді «Ертіспен» матчта да ерекшеленіп біз қайтадан0:2 есебімен жеңдік. Маңызды жеңіске үлес қосқаныма қуаныштымын.

- Өзіңнің алаңдағы рөлдерің туралы айтып өтсең. Екінші таймда сен жартылай қорғауда және де қорғауда ойнадың ба?

 - Ия, мен бапкердің қойған талабын орындадым. Мен алаңға орталық аймақты күшейту үшін және де командаға көмектесу үшін шықтым. Оның ішінде стандарттарда да. Екінші жартысында қарсыластар көп шабуылдау керек еді, сол үшін де менің мақсатым орталық аймақты күшейтіп және де шабуылдарға көмектесу, әрине. Матчтың соңында мен орталықтағы қорғаушыларға көмектестім.

- Үшінші соғылған голдан кейін сен командадағы бомбардирлардың арасында үшінші орынға шықтың!

 - Мен бұл туралы тіпті ойлаған жоқпын. Мен бұл жерде бұрыштамадан берілген допты жермен тептім. Қақпашы соққыны қайтарып, доп қайтадан менің аяғыма келді. Мен допты қайтадан баспен қақпаға соқтым. Қақпашының қайтадан орнына тұруға үлгермейтіндігін мен анық түсіндім.

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»