Айбол Абикен «Жетісумен» өткен ойын туралы пікірін айтты.
«Ойын өте қиын болды, оған әр түрлі факторлар әсер етті, әсіресе жасанды алаң. Шабуылдарды соңына дейін жеткізу қиын болды, ал қарсылас өз сәтінде мүлт кетпеді. Талдықорғандағы айып доптары әрқашан қиындық тудыратыны сөзсіз. Сонымен қатар, өз сәттерімізді пайдалана алмадық және көптеген қателіктер жібердік. Бұл ойынды тезірек ұмытып, келесі ойынға қарқынды дайындықты бастаймыз».