БАҚ беттерінде Андрей Аршавиннің алматылық «Қайратта» ойнап жүрген кезінде тапқан «шынайы жалақысы» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қайраттың» баспасөз-қызметі ресми түрде Андрей Аршавин «Қайраттың» ойыншысы болып тұрғанда миллион долларлап жалақы алғаны туралы ақпаратты дәлелі жоқ тұлғалардың ойдан шығарғанын хабарлайды.
Андрей Аршавин мен сары-қаралардың басқа да футболшылары табатын үлкен сомадағы жалақы туралы жаңалық жалған ақпаратты тарату болып саналады.