«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ауқымды қайырымдылық акцияға қатысуға шақырамыз!
Клуб жаңалықтары

Ауқымды қайырымдылық акцияға қатысуға шақырамыз!

04 сентября 2019
/ 11:00

Осы сенбіде, 7 қыркүйекте Kairat Family Day аясында «Қайрат» және «Пахтакор» аңыздары арасындағы ортаазиялық дербиге барудың керемет мүмкіндігі туады!

Біздің сүйікті командамыздың 65 жылдық мерейтойына арналған ардагерлер матчынан кейін «Орталық» алаңында «Қайрат» және «Қайрат-Жастар» футболисттері жолдастық кездесу өткізеді.

 Ойынға кіру тегін, бірақ сізде  Kairat Blind Football Team командасын қолдауға арналған ауқымды қайырымдылық акцияға қатысуға тамаша мүмкіндік бар. Қайырымдылық билетін сатып ала отырып, сіз көру қабілеті зақымдалған футболисттерді қолдауға қаражат бересіз.

 Бұл билет сізге фото және қолтаңба сессияларына қатысуға, фаншопта 65 пайызға жеңілдік алуға, мерейтойлық шарф пен ту иегері болуға мүмкіндік береді.

Сенбіні "сары-қаралар" отбасымен өткіз!

Қайырымдылық билеттің құны — 1000 теңге. Саны шектеулі.

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»