24 маусымда алматылық «Қайрат» «Астанамен» кездеседі. Матчтың бас төрешісі болып қаратаулық Бағдат Абдуллаев тағайындалды.
Оған қызылордалық Ғалымжан Айжігітов пен атыраулық Сергей Калачев көмектеседі. Матчтың қосылқа төреші болып алматылық Айдын Рахымбаев бекітілді. Матч инспекторы – семейлік Александр Борисов.
Төрешінің қосымша көмекшілері: Болат Қарлыбаев (Орал), Григорий Московченко (Павлодар).
Елордалықтармен кездесу 20:30-да басталады.