«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Астанадағы өкінішті жеңіліс
Қайрат

Астанадағы өкінішті жеңіліс

20 октября 2019
/ 11:00

«Астана» – «Қайрат» 3:1

Голдар: Марин Томасов (9'), Сергей Хижниченко (61'), Раде Дугалич (68') Рангело Янга (90+4').

«Астана»: Ненад Эрич (В) (К) - Дмитрий Шомко, Лука Шимунович, Евгений Постников, Антонио Рукавина - Иван Маевский, Абзал Бейсебеков, Дорин Ротариу - Роман Муртазаев, Марин Томасов, Сергей Хижниченко.

Қосалқы құрам: Александр Мокин (В), Станислав Павлов (В) - Юрий Логвиненко - Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Владислав Прокопенко, Дидар Жалмұқан - Рангело Янга.

«Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Дино Миканович, Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Конрад Вржещинский - Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қазақстан) - Сергей Кейлер, Елдос Ахметов - Рамазан Оразов, Айбол Әбікен, Еркебулан Сейдахмет, Еркебұлан Тұңғышбаев - Вячеслав Швырев.

Алматылықтар астанада өкінішті жеңіліс тапты. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері ойынның көп бөлігінде басым болды, бірақ өз сәттерін жүзеге асыра алмады.

«Сары-қаралар» алғашқы ысқырықтан Ненад Эрич қақпасын шабуылдауға ұмтылды. Алдымен Георгий Жуков соғатын позицияға шықты (оның соққысы аса өткір болмады), артынша алаң иелерінің қақпашысын Бауыржан Исламхан қобалжытты. «Астана» бұған голмен жауап берді. Бірінші шабуылда елордалық команда Стас Покатиловтың көңілін түсірді: Иван Маевский допты флангқа ауыстырып, ал Марин Томасов орталыққа жайғасып, айып алаңының сыртынан соққы жасады. Покатилов соққы жасалған сәтті көрмей, допқа жете алмады – 1:0.

«Сары-қаралар» жанкүйерлері астаналық жанкүйерлерді өз санымен таңқалдырып, өз ойыншыларын алға итермеледі. Стадионда бір жарым мыңнан астам Қайраттың жанкүйерлері болды және олар шын мәнінде стадионда футбол атмосферасын жасады. «Қайрат» үзіліске берілетін ысқырыққа дейін гол соғуға мүмкіндік іздеді. 20-шы минутта Адеринсола Эсеола Эрич қақпасының жақын бұрышын бағындыра жаздады. Біздің форвард Ғафуржан Сүйімбаевтың жоғарыдан берген пасын соғып, бірақ «Астананың» қақпашысы осы мықты соққыны қайтара алды. «Сары-қаралар» таймның соңына жақындағанда тағы бір тамаша шабуыл жасады: Бауыржан Исламхан оң қапталға қарай пас беріп, ал Мартон Эппель Конрад Вржещинскийге қарай  допты жіберді. Поляк допты дәл соққандай болды, бірақ Эрич шпагат орындап, өз командасын тағы да құтқарды. «Астана» үзіліске дейін қорғаныста ойнады.

Екінші таймда да «сары-қаралар» алаңда басым болды. Екінші таймның басында Рада Дугаличте баспен  гол соғатын мүмкіндік туды, бірақ Эрич допты қайтара алды. Содан кейін алаңда шағын теке-тірес орын алды. Марин Томасов бұлшықетінде ауырсынуды сезініп, көгалға құлап кетті. Төрешінің ысқырығын күткен «Қайраттың» ойыншылары, допқа иелік етіп, ойынды жалғастырып, эпизодты аяқтағаннан кейін «Астананың» ойыншыларының шабулына тап болды. Нәтижесінде Дорин Ротариу мен Бауыржан Исламхан сары қағаз алып, Томасов болса ойынды жалғастыра алмады.

Роман Григорчуктың шәкірттеріне эмоционалды серпін көмектесіп, олар екінші допты соға алды. Стандарт ойнатылғаннан кейін Сергей Хижниченко көзге түсті. Біздікілер де есеп айырмашылығын бұрыштаманың арқасында қысқартты. Раде Дугалич біздің капитанның берген керемет пасынан кейін Эрич қақпасына мықты соққы жасады. 

Ойынның қорытынды жиырма минуты «сары-қаралардың» басымдығымен өтті, алайда доп қырсық «Астана» қақпасына кіргісі келмеді. Миканович, Әбікен, Тұңғышбаев, Эсеола, Эппель. Әрбір аталған ойыншыда екінші голды соғып, біздің команданы өкінішті жеңілістен құтқаратын мүмкіндік болды. Бірақ ол орындалмады. Алаңға алмасумен шыққан Рангел Янга ойынның  нүктесін қойды.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»