«Қайрат» сырт алаңда «Астанамен» кездесті.
«Астана» - «Қайрат» - 3:2
Голдар: Томасов, 35, Зайнутдинов, 40, Мұртазаев, 61 – Парагульгов, 23, Эсеола, 60
«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) (30, Мокин) - Антонио Рукавина, Евгений Постников, Марин Аничич, Бактиер Зайнутдинов (83, Бейсебеков) - Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер (62, Алмейда), Серікжан Мужиков - Марин Томасов, Роман Мұртазаев, Джуниор Кабананга.
Қосалқы құрам: Абзал Бейсебеков, Сергей Малый - Сұлтан Сағынаев, Владислав Прокопенко - Педро Энрике, Рангело Янга
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Александр Соколенко, Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат, Магомед Парагульгов (81, Швырев), Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Ян Вороговский (67, Аршавин) - Самат Сәрсенов (26, Эсеола).
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Давид Лория (Қ) - Айбол Әбікен, Сергей Политевич, Сергей Кейлер - Рамазан Оразов.
«Қайрат» елордалықтарға қарсы ойында да өз философиясын ұстанып, Қазақстан кубогының финалына дайындалды. Астаналықтар болса, команданың негізгі құрамын шығарды.
Бұл алматылықтарға ойынның бірінші жартысында алға шығуға бөгет болмады. Жылдам қарымта шабуыл кезінде Исламхан допты «Астананың» қорғанысынан асырып, Парагульковты ұрымтал тұсқа шығарды, соңғысы қақпаға жақындады да, дәл соққы жасады – 0:1. Артынша матч алаң иелерінің пайдасына қарай жалғасты: 35-минутта Томасов есепті теңестірсе, 5 минуттан соң Зайнутдинов өз командасын алға шығарды.
Ойынның екінші жартысында Эсеола допты бос қақпада тулатқан, алайда бір минуттан соң Роман Мұртазаев үшінші голды соқты – 3:2. Кейін қайраттықтар астаналықтардың қорғанысынан саңлау табуға тырысқан, бірақ сәттілік жетіскен жоқ.