«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қасқырлармен» матчта Тевяшов төрелік етеді
Қайрат

«Қасқырлармен» матчта Тевяшов төрелік етеді

24 сентября 2018
/ 00:00

«Қайсар» мен «Қайрат» арасында өтетін матчта қызмет ететін арбитрлер анықталды.

Премьер-лиганың 25-турында алматылық ұжым сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездеседі. Ойынның бас төрешісі оралдық Денис Тевяшов болмақ. Осы маусымда Тевяшов «сары-қаралардың» қатысуымен өткен бір матчта ғана төрелік еткен: Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы қарымта ойында «Қайрат» «Ертістен» 3:1 есебімен ұтылып қалды, бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алды.

Оған павлодарлық Рустам Сүйінов пен петропавлдық Рустам Байжанов көмектеседі. Кездесудің қосалқы арбитрі болып шымкенттік Жандос Абжан бекітілді.

Матч инспекторы – павлодарлық Юрий Ярышев. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»