«Ертіс» командасы бас бапкерінің қызметін атқарушы Дмитрий Кузнецов алматылық «Қайратқа» қарсы ҚР Кубогының алғашқы жартылай финалдық матчы жайлы пікірін айтты.
- Командалар шабуылдаушы футбол көрсетті деп ойлаймын, екі қақпаға да мүмкіндіктер жасалды. «Қайрат» өз мүмкіндіктерін пайдаланды, сондықтан жеңіске жетті. Алайда әлі екінші ойын бар. Сол ойынға дайындаламыз, «Қайратқа» Павлодарда оңай болмайтыны анық.