«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Артур Шушеначев: «Мен керек кезде қажетті жерде болдым»
Қайрат

Артур Шушеначев: «Мен керек кезде қажетті жерде болдым»

27 октября 2019
/ 11:00

«Орталық» стадиондағы дебюттік матчта көзге түскен «сары-қаралардың» форварды Артур Шушеначев бапкерге сенім артқаны үшін, ал әріптестеріне голды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

- Артур, маңызды жеңіспен құттықтаймын!

- Үлкен рахмет! Команда үшін өте қуаныштымын! Бұл матчта жүз емес, екі жүз пайызға барымызды салу керек болды. Ол қолымыздан келді. Біз жеңдік-бұл ең бастысы. Алексей Николаевичке сенім артқаны үшін рахмет. Мен «Тобылға» қарсы ойында ойнауды армандадым, сондықтан да екінші таймда алаңға шығатынымды түсінгенімде өте қуандым.

- Киінетін бөлмеде кім ойынға дайындалуға көмектесті?

 

- Барлығы. Әр адам жақсы және маңызды нәрсе айтты, сондықтан да мен киінетін бөлмеде достарымнан естіген барлық сөздерден қуат алдым. Мен жауапкершілікті сезіндім, бірақ өзімді көрсеткім келді.

- 12 мың жанкүйері келген «Орталықтағы» дебюттік матчта гол соқтың. Бұдан асқан жарқын оқиғаны ойлап табуға бола ма?

- Жоқ шығар. Мен жанкүйерлерге өте ризамын! Қолдау жоғары деңгейде болды! Голға келетін болсақ, мен керек кезде қажетті жерде болдым. Исламбек Қуат допты алып кетіп, қақпаға дейін жетті, ал мен болсам оны қақпаға соққы жасайды деп ойладым. Қақпаға қарай жылжыдым. Әрине, голда Қуаттың еңбегі көп. Ол эпизодта голкиперді өшірді, сондай-ақ допты түзетіп жіберген Рамазан Оразовтың еңбегі көп. Оларға үлкен рахмет!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»