«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Артур Авакянц: «Жігіттер жарады»
Қайрат

Артур Авакянц: «Жігіттер жарады»

18 июня 2018
/ 00:00

«Ақжайықтың» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч туралы пікірін айтты.

- Қысқа ғана айтайын: жігіттер жарады. Олар «Қайраттан» жасқандай, тіпті, кей сәттерде өте жақсы ойнады. Біздің командада мазмұнды матч болды және сол үшін алғыс айтамын. Соңғы минутқа дейін ешкім өзін ойлаған жоқ, бәрі де тұтас команда болып қала берді.

Соңғы минутқа дейін шабуылдадық, гол соқтық, матчты құтқарып қалуға тырыстық. Бүгін «Қайрат» жекелей тұрғыда мықты футболшыарын шығарды. Бізде футболшылар қатары аз, себебі бас сұрмергеніміздің (ред. - Адеринсола Эсеола) командадан кетуі біздің ойын жүйемізге қатты соққы болды.

Салымыз суға кете қоймас. Қазіргі таңда құрамымызда ойыншылар бар, лайықты ойын көрсетіп жүр. Олар үшін ұялмаймын. Біз артқа қарамай, тек алға ұмтыламыз. Біз үшін келесі ойын бар, сол жақта ұпай алуға тырысамыз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»