«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Артем Гавриленко: «Жағымды эмоцияларға бөлендік»
Академия жаңалықтары

Артем Гавриленко: «Жағымды эмоцияларға бөлендік»

06 ноября 2018
/ 00:00

«Қайрат-2003» командасының аға бапкері Артем Гавриленко Қазақстан Біріншілігінде өз командасының чемпиондық титул алуына сүбелі үлес қосты. Бапкер бір жас үлкен қарсыластармен ойын жайында және «қайраттықтардың» осы маусымдағы нәтижесі туралы айты.

- Бізде бір қорытынды бар – жеңіске жеттік (күліп). Біз осыған қарай бір жыл бойы жұмыс істедік. Бұл тұрғыда мәселе жоқ. Алған әсеріміз болса, өте қуаныштымыз, жігіттер де мәз. Ойыннан кейін эмоциялар ішімізге сыймады.

Ал матч барысында эмоция болмады, оның бәрі жыл бойы таусылды, ойын көп болды, кей тұста ол финалдық матчта жетіспеді. Барлығын матч соңына қалдырды деп ойлаймын. Негізі, жақсы және жағымды эмоцияларға бөлендік.

- «Қайрат-2003» командасы қатарынан үш дүркін чемпион атанып отыр. Финалдық ойын алдында команда бұған дейін екі рет алтын медаль алғанын ескеріп, бұл үлкен жауапкершілік екенін ойладыңыз ба?

- Иә, расымен де, осы уақытқа дейін олар чемпион атанды. Бірінші жылы олар өздерімен жасты қарсыластармен ойнады, ал соңғы екі жылда бір жасқа үлкен жігіттермен сынға түсті. Биылғы жылы жігіттер чемпиондық атақтарының санын үшге дейін жеткізгісі келді. Сондықтан, жауапкершілік бәрінде де болды. Ал ең алдымен, менде және бапкерлік штабта, әрине, жігіттерде де. Мұны бәрі ұғынды. Әсіресе, жеңіске жетудің жақсы мүмкіндігі бар екенін түсінген кезде.

- Сіз команда бапкерісіз, болашақта бұл жігіттер клубтың негізгі командасын құрап, «Қайраттың» намысын кәсіпқой деңгейде қорғай алады дегенге сенім бар ма?

- Сөзсіз. Дарынды жігіттер бар, бірақ олар ойнай ма, жоқ па – оны қазір айту мүмкін емес. Бұл футбол, мұнда соңына дейін бару керек, біреуі сүрінуі мүмкін, ал біреу шынымен сол сәтке дейін жетеді. Барлық жігіттерге негізгі командаға, шетелдік командаларға баруды тілеймін. Бұл жақсы нәрсе. Келесі жылы резервтік команданың құрамына кіруге лайықты жігіттер бар, кейін негізгі командаға да ауысып қалар. Ойын сапасы тұрғысында жігіттер өте жақсы дамыған.

- Команда «Қайрат» Академиясы секілді бір жас үлкен қарсыластармен ойнап жүр. Бұл ойында қаншалықты қиын?

- Өткен жылы оларға өте қиын болды, олар өздерінен үлкен қарсыластармен ойнады. Оларға үйреніп кетуге уақыт қажет болды және қарсыласу деңгейі былтырға қарағанда өсті. Мұнда антропометриялық деректер рөл атқарды, қарсыластар үлкенірек, күшті және физикалық тұрғыдан мықтырақ болды, бірақ біздің мақсатымыз – оларды ойнап, қарсыласуға, жылдамдықта шешім қабылдауға үйрету. Бұрынғы қарағанда бәрін жақсырақ жасау керек болды.

Биылғы жылдың басында жігіттер психология тұрғысыда күшейгені байқалды, қарсыласының үлкен екеніне алаңдамады. Иә, бұл қиын, бірақ олар бұған үйреніп кетті, әр ойынға жақсы көңіл-күймен шығады.

2002 жылы туған командаға өте қиын болды, себебі олар өздерінен екі жас үлкен жігіттермен ойнады. Мұнда мен оларға өз құрметімді білдіре аламын, себебі олар финалға жетті. Олар осында нәтижеге қол жеткізіп, жарады.

- Жігіттер бір орында тұрып қалмай одан да үлкен биіктіктерді бағындыру үшін, оларға болашақта қандай тілек айта аласыз?

- Бұл тұрғыда олар бәрін өздері де жақсы түсінеді, өйткені олар кәсіпқой адамдар. Олар қайда бара жатқандарын, қайда тырысатындарын біледі. Егер олар осында болса, демек олар өздерінің футболшы болғысы келетіндеріне, жақсы деңгейде ойнауға, «Қайратта» ойнауды қалайтынына 99 пайыз сенімді екенін білдіреді. Мен оларға зор денсаулық, мақсаттарына жетуді тілеймін және жұмыстың соңғы секундына дейін өздеріне талапшыл болғанын қалаймын.

Әрине, өте маңызды сәт – білім. Олар жақсы адам, Қазақстанымыздың маңызды тұлғалары болуы керек. Клуб философиясы осындай. Футболда, барлық жақта да сәттілік және алға қойған армандарына жетулерін тілеймін. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»