«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Артем Гавриленко: «Мен командадағы барлық ойыншыларды мақтан тұтамын!»
Академия жаңалықтары

Артем Гавриленко: «Мен командадағы барлық ойыншыларды мақтан тұтамын!»

01 октября 2019
/ 11:00

«Қайрат U15» бас бапкері Артем Гавриленко командасы қола жүлдені жеңіп алған Millenium Cup халықаралық футбол турнирінің қорытындысын шығарды.

- Артем, Millenium Cup-ты қалай бағалайсыз?

- Команда турнирден керемет эмоциялар алды. Ия, олар тек үшінші орынды жеңіп алғанына біршама ренжіді, өйткені олар басқалардан әлсіз болған жоқ. Өкінішке орай, жартылай финалда «Динамо- Брестке» қарсы ойында біз болмашы голды жіберіп алдық. Онда ойын барысында барлығы біздің пайдамызға болды. Жалпы, турнирде әлсіз командалар болған жоқ. Ия, «Барселона» мықты, бірақ қалған командалар да жақсы деңгейде болды. Жоғары деңгейдегі турнир. Мұндай тәжірибе алу жігіттер үшін үлкен жетістік. Мен командадағы барлық ойыншыларды мақтан тұтамын. Қақпашыдан шабуылшыға дейін. Олар жарады!

- «Ягелонияға» қарсы ойынды еске түсірейік. Онда не жүзеге аспады?

- Қиын матч. Бізде үш-төрт жақсы сәттер болды, бірақ оларды жүзеге асыра алмадық. Екінші таймның соңғы минутында олар бізге гол соқты. Мен Польша командасының жаттықтырушылар құрамасы қалай таң қалғанын көрдім. Біздің командадан мұндай деңгей күтпеді. Біз үнемі олардың доп берулерін жаптық. Біздің жаңа философиямыз қарсыласқа ойлауға және шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Матч соңында концентрацияны жоғалтқанымыз өкінішті. Гол соққымыз келді, шабуылға көп мән беріп, қорғаныс туралы ұмытып кеттік.

- Жартылай финалдық ойын қалай өтті?

- Финалға шығу үшін ойын бізге жауапкершілік жүгін артты. Қобалжуды жеңе алмадық. Бірақ бұл керек тәжірибе. Турнирден кейін біз барлық ойындарды талқыладық. Мен оларға байыппен және қобалжусыз әрекет ету керек екенін түсіндірдім. Сол кезде бәрі ойдағыдай болады.

- «Ягелонимен» екінші матч мүлдем басқаша болды ...

- Иә, біз үшінші орын үшін болған матчта «Ягелонияны» оңай басып оздық. Алғашқы матчта жүзеге асыра алмаған нәрселерді осы ойында іске асыра алдық. Бірінші таймда ақ біз екі гол соқтық.

- «Барселона» жасөспірімдерінің ойынын қалай бағалайсыз?

- Біз олармен бір қонақүйде тұрдық. Біз олардың барлық ойындарын бақыладық. Әрине, ойынның сапасы мен ойыншылар жағынан керемет команда. Барлығы доппен де, допсыз да жақсы ойнайды, барлығы керемет ауысады. Ең бастысы олар жеңіл және қобалжусық ойнайды. Менің ойымша, олардың тәжірибесі көп. Соның ішінде халықаралық турнирлерге қатысты.

- Осы «Барселона»командасында жұлдыздар бар ма?

-11 нөмірдегі ойыншы. Ол оң вингер немесе оң шабуылшы позициясында ойнады. «Барселона» өкілі оның үлкен жұлдызға айнала алатындығына сенеді. Ол шынымен де талантты. Сонымен қатар, онда керемет физикалық қасиеттер бар: ұзын бойлы, мықты, техникасы өте жақсы.

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»