«Қайрат» ФК баспасөз-қызметі «сары-қаралар» Антальядағы оқу-жаттығу жиынында кездесетін командалар туралы материалдар сериясын жалғастырады.
Түркиялық жиындағы соңғы матч 20 ақпанда өтті. Алматылықтардың қарсыласы армениялық Ванадзор қаласының «Лори» футбол клубы болды.
«Лори» ФК 1936 жылы құрылған. Ванадзорлық команда Армения өз тәуелсіздігін алған соң алғашқы ел чемпионатына қатысты. 2001 және 2002 жылдары «Лори» ФК тұрақты түрде екі маусым Армения Премьер-лигасында ойнады, бірақ кейін команда нәтижесі құлдырай бастады. Команда Бірінші лигаға ұшып кетті, артынша 2006 жылы таратылды.
2017 жылы «Лори» ФК-ны кәсіпкер Товмас Григорян өмірге қайта әкелді. Ванадзорлық клуб Бірінші лигаға қатысты да, бірінші орынмен Армения Премьер-лигасына жолдама алды. Қазір клуб жоғары дивизионның бесінші сатысында келе жатыр. Клуб өз алаңындағы матчтарын ванадзорлық футбол академиясының стадионында өткізеді. «Лори» ФК-ның өз аренасы қазір қайта жөндеуден өтіп жатыр, оның жұмысы биыл көктемде аяқталады.
Былтырғы жылдың желтоқсанында клубта өзгерістер болды: команданың бас бапкері болып Артур Петросян тағайындалды. Артынша, Армения чемпионатының екінші айналымына дайындалып жатқан командаға бірнеше жаңа ойыншы келді.
«Қайрат» қарсы матч «Лори» ФК үшін Антальядағы оқу-жаттығу жиынында өткізетін үшінші спарринг болмақ. Жолдастық матчтар барысында бапкерлік штаб бірқатар жаңа ойыншыларды байқап көреді.
Transfermarkt порталының ақпаратына сүйенсек, ванадзорлық команданың жалпы құны – 2,45 миллион еуро. «Лори» ФК сапындағы ең қымбат ойыншылары болып нигериялық жартылай қорғаушылар Угочукву Иву мен Исах Алию, сондай-ақ, гаитилік форвард Джонел Дезире саналады. Бұл ойыншылардың бәрі де нарықта 200 мың еуроға бағаланған.
«Қайрат» - «Лори» матчы 20 ақпанда алматылық уақытпен 18:30-да басталады.