«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қарсыласпен таныстырамыз: «Марибор» ФК
Қайрат

Қарсыласпен таныстырамыз: «Марибор» ФК

12 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК баспасөз-қызметі «сары-қаралар» Антальядағы оқу-жаттығу жиынында кездесетін командалар туралы материалдар сериясын жалғастырады.

Алматылықтардың келесі қарсыласы словениялық «Марибор» футбол клубы болмақ. Естеріңізге салсақ, «Қайраттың» балқан футбол клубына қарсы матчы 14 ақпанда өтеді.

Словениялық футболдың қазіргі чемпионы әрі флагманы қазір жоғары дивизионда көш бастап келеді, команда любляналық «Олимпиядан» 9 ұпайға озып тұр. Айта кетерлігі, «Марибор» Словения ұлттық біріншлігін 15 рет жеңіп алған.

Жанкүйерлер «Шегіргүлдер» деп атайтын команданың «Қайратқа» қарсы матчы түркиялық жиындағы бесінші, соңғы жолдастық ойыны болмақ. «Сары-қараларға» қарсы ойыннан кейін словениялықтар отанына оралып, Словения чемпионатының екінші айналымына дайындалады.

«Марибор» ұлттық чемпионаттың 15 титулынан бөлек, ел Кубогын 9 мәрте жеңіп алған.

Сонымен қатар, 2006 жылы словениялық клуб УЕФА Интертото кубогын иеленді.

Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, «Марибордың» жалпы құны 12,5 миллион еуроға бағаланады. «Марибордың» ең қымбат ойыншысы шабуылшы Лука Захович саналады, ол Словения құрамасының атақты хавбегі Златко Заховичтің ұлы. 23 жастағы Лука осы маусымда команданың үздік сұрмергені болып тұр, оның трансферлік бағасы – 1.25 миллион еуро.

«Қайрат» - «Марибор» жолдастық матчы 14 ақпанда алматылық уақытпен 20:00-де басталады.  

Бұл ойынның тікелей трансляциясы «Қайрат» ФК-ның Вконтакте әлеуметтік желісіндегі клубтық парақшасында жарияланады:

https://vk.com/video-24225920_456240731?list=21ac4c33e4270a538a

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»