«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қарсыласпен таныстырамыз: «Карпаты» ФК
Қайрат

Қарсыласпен таныстырамыз: «Карпаты» ФК

15 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК баспасөз-қызметі «сары-қаралар» Антальядағы оқу-жаттығу жиынында кездесетін командалар туралы материалдар сериясын жалғастырады.

«Қайраттың» келесі қарсыласы украиналық «Карпаты» футбол клубы болмақ. Львов қаласының клубына қарсы ойын 16 ақпанда өтеді.

Украина Премьер-лигасының өкілі 1963 жылы құрылған. 1969 жылғы маусымда «Карпаты» КСРО Кубогын еншілеп, еуропалық мықты ұжымдар ойнайтын «Кубок иегерлеріің кубогы» додасына қатысуға мүмкіндік алды. Содан бері львовтік клуб жанкүйерлерін үлкен жүлделермен қуанта қойған жоқ. 2010/2011 жылғы маусымда «Карпаты» Еуропа лигасының іріктеуінде азулы «Галатасарайды» жарыс жолынан шығарып, топтық кезеңге өткен. «Өлім тобында» львовтіктер «ПСЖ». «Севилья» және дортмундық «Боруссияға» қарсы ойнады. Бұл квартетте украиналық команда өз алаңында париждіктермен тең тарқасты.

Осы маусымда «Карпаты» ел чемпионатында оныншы орында келеді, 18 матчтан соң еншісінде 17 ұпай бар. «Күз-көктем» жүйесімен өтетін турнир 24 ақпанда жалғасады. Бұл күні Львов қаласының клубы «Ворскламен» ойнайды.

«Карпаты» үшін «Қайратқа» қарсы спарринг түркиялық жиындағы үшінші кездесу болмақ. Бұған дейін украиналық команда минскілік «Динамо» (2:1) мен кутаисилік «Торпедоны» (3:0) ұтқан.

Transfermarkt мәліметіне сүйенсек, «ақ-жасыл» түстілердің жалпы құны 9,2 миллион еуроны құрайды. «Карпаты» сапындағы ең қымбыт ойыншы – Марьян Швед, ол жақында ғана «Селтикпен» келісімішартқа отырған болатын, бірақ осы чемпионаттың соңына дейін «Карпаты» сапында жалда ойнай береді. 21 жастағы жартылай қорғаушы 2 миллион еуроға бағаланады.

«Қайрат» - «Карпаты» маичы 16 ақпанда алматылық уақытпен 20:00-де басталады. Бұл ойынның тікелей трансляциясы «Қайрат» ФК-ның Вконтакте әлеуметтік желісіндегі клубтық парақшасында жарияланады.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»