«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қарсыласпен таныстырамыз: «Арсенал» ФК
Қайрат

Қарсыласпен таныстырамыз: «Арсенал» ФК

17 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК баспасөз-қызметі «сары-қаралар» Антальядағы оқу-жаттығу жиынында кездесетін командалар туралы материалдар сериясын жалғастырады.

Алматылықтардың келесі қарсыласы ресейлік «Арсенал» футбол клубы болмақ. Тулалық командамен спарринг 18 ақпанда өтеді.

Тулалық команданың КСРО біріншілігіндегі дебюті 1946 жылы болды. Команданың атауы бірнеше рет ауысқан: «Зенит», «Труд», «Шахтер», «Металлург». Ұжым 1984 жылдан бері «Арсенал» деген атаумен өнер көрсетіп келеді. «Зеңбірекшілер» өз алаңындағы матчтарын 20200 көрермен сыятын «Арсенал» стадионында өткізеді.

Қазір тулалық клуб Ресей чемпионатында он бірінші орында келе жатыр. 17 ойыннан кейін олардың еншісінде 20 ұпай бар. Сондай-ақ, «Арсенал» Ресей кубогында да сәтті өнер көрсетуде. 6 наурызда «зеңбірекшілер» турнирдің ширек финалында «Оренбургке» қарсы қарымта матч өткізеді. Бірінші ойында «Арсенал» 4:2 есебімен жеңіске жетті, сондықтан команда Кубоктың жартылай финалына өтуге жақын тұр.

Игорь Черевченко шәкірттері үшін «Қайратқа» қарсы матч түркиялық жиындағы соңғы ойын болмақ. Бұған дейін «зеңбірекшілер» үш кездесу өткізді. Біріншісінде, 4 ақпандағ олар талдықорғандық «Жетісуға» жол берді – 1:2. Кейін 8 ақпанда команда швециялық «Кальмар» клубымен тең тарқасты – 1:1. 15 ақпанда өткен үшінші кездесуде «Арсенал» беларусьтік «Торпедо-БеЛАЗ» клубынан ұтылып қалды – 0:2. «Сары-қараларға» қарсы спаррингтен кейін тулалық команда отанына оралып, Ресей Премьер-лигасының матчтарына дайындалады. 2 наурызда «Арсенал» өз алаңында мәскеулік «ЦСКА-ны» қабылдайды.

Transfermarkt ақпаратына сүйенсек, команданың жалпы құны 28,6 миллион еуроны құрайды. «Арсеналдың» ең қымбат ойыншылары – қорғаушы Максим Беляев пен жартылай қорғаушы Сергей Ткачев. Екеуі де 3,5 миллион еуроға бағаланған. Айта кетерлігі, Ткачев негізі «ЦСКА-ның» ойыншысы, қазір «Арсенал» сапында жалда ойнап жүр. Жақында ғана қорғаушы Бакари Коне еркін агент ретінде тулалық клубқа ауысты, бұл футболшы өз мансабында «Лион», «Малага» және «Страсбургтегі» ойынымен танымал болды. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның құны – 1 миллион еуро.

Былтырғы ОЖЖ-да командалар жолдастық матч өткізген болатын. Сол ойында есеп ашылмай, 0:0 болып аяқталды.

«Қайрат» - «Арсенал» матчы 18 ақпанда алматылық уақытпен 20:00-де басталады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»